Ғұмырын сахнаға арнаған театр тарланы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғұмырын сахнаға арнаған театр тарланы

03.03.2014
Ғұмырын сахнаға арнаған театр тарланы
 
«Өнер жолы – қиын жол. Оған талмайтын қанат, таусылмайтын шабыт керек», депті актер, режиссер, Қазақстанның Халық әртісі Райымбек Сейтіметов.
 
Оның театр сахнасындағы алғашқы рөлі драматург Қуандық Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай» комедиясындағы ақын образы.
 
ҚР Халық әртісі Нүкетай Мышпаева: «Ең алғашқы рөлін үлкен рөлден бастады. Ол  ұшып-қонып жүретін ақын образын сомдады», деп еске алады.
 
Сахна сөзінің мағыналы болуына ден қою, жарқын мінезді шынайы бейнелерді жасауға ұмтылу – Райымбек Сейтіметовтің шығармашылығына ғана тән еді.
 
Әртістің ұлы Азат Сейтіметов: «Өмірде мен қандай да бір жетістікке жетсем, оның бәрі өнердің арқасы» деп отыратын», -дейді.

Хабарламаларға жазылу