БАӘ билігі халқын велосипед пайдалануға шақырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАӘ билігі халқын велосипед пайдалануға шақырады

03.03.2014
БАӘ билігі халқын велосипед пайдалануға шақырады
 
Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) басшылығы велосипедті қала қозғалысының негізгі көлігі ретінде пайдалануға шақырады. Ол үшін жүздеген шақырым велосипедтік жол салу, арнайы тұрақтар мен жалға алу орындарын жасау, жөндеу орталықтарын ашу жоспарланған.
 
«Қозғалыс инфрқұрылымын қайта құру нәтижесінде ел тұрғындары он жылдан кейін автокөлігін тұрақтарда қалдырып, қалада тек велосипедпен жүруге мүмкіндік алады. Дубай қаласы - велосипед мәдениетін насихаттаушы басты қала. Бұл жерде екі дөңгелекті көліктерге арнайы 100 шақырым жол салынып қойған.
 
Енді 2030 жылға дейін бұл жолдарды 850 шақырымға жеткізу жоспарлануда» - дейді Gulf News.
 
ИТАР-ТАСС.

Хабарламаларға жазылу