Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 10-11 наурызында Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады.
Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
11 наурызға жоспарланған кездесуде екіжақты ықпалдастық пен халықаралық өзекті мәселелер талқыланбақ.