Ақжолтай жаңалық! «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Шетелдегі қазақ балалары» жобасы туралы шетелдік «The Channel» басылымы «Kazakhstan National TV explores adoption» (Қазақстан Ұлттық арнасы бала асырап алушылар туралы зерттеу жүргізуде) атты мақала жариялапты.
Мақалада жоба авторы Жанар Байсемізованың бағдарламаны жасауда алты жыл тер төккеніне тоқтала келіп, автордың негізгі мақсаты - шетелдіктер асырап алған қазақ балаларының өзге елдегі тағдыры қалай өрбігені жөнінде ақпар беру екендігі айтылған.
Шетел басылымы қазақ журналисі туралы былайша жазады: «Жанар Байсемізова: «Шетел асқан қаракөздер қайда жүрсе де, өз елі, өз Отаны – Қазақстаны барын ұмытпауы керек»,-дейді».