6 наурызға арналған ауа райы болжамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

6 наурызға арналған ауа райы болжамы

06.03.2014
6 наурызға арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның басым бөлігінде антициклон ықпалымен күн ашық болады. Республиканың солтүстігінде, оңтүстік аймағында және оңтүстік-батысында ғана жауын-шашын, кей жерлерде жаяу борасын болады.
 
Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет».
 
Ақмола, Павлодар, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
 
Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде 18 м/с-қа дейін жел күшейіп, жаяу борасын болады.
 
Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетіп, Қарағанды облысында бұрқасын көтеріледі. Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетіп, күндіз желдің ұйтқуы 25 м/с-қа дейін күшейеді.
 
Таяудағы тәуліктерде Қайраққұм су қоймасынан келетін су мөлшерінің ұлғаюы есебінен Сырдария өзенінде су деңгейі көтеріліп, Шардара су қоймасына қарай ағын бірте-бірте арта түседі деп күтілуде.
 
Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Республиканың оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы кейбір өзендерде мұз қабаты одан әрі жұқара түседі деп болжануда.

Хабарламаларға жазылу