Табыстың 50 пайызынан асатын болса, несие берілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Табыстың 50 пайызынан асатын болса, несие берілмейді

06.03.2014
Табыстың 50 пайызынан асатын болса, несие берілмейді
Ай сайын төленетін несие көлемі қарызгер кірісінің 50 пайызынан асқан жағдайда Қазақстанның екінші деңгейлі банктері Қазақстан Республикасы  Ұлттық банкінің Қаулысына сәйкес оларға несие бере алмайтын болады.
 
«Қаржы ұйымдары банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы» Қаулыда қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің ең жоғары деңгейі 0,5 құрайды делінген. Ал қарыз алушының ай сайынғы орташа табысы қарыз алушының соңғы алты айдағы жалақысы немесе өзге де табыстары сомасының алтыға қатынасы ретінде есептеледі.
 
Қаулы 2014 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Хабарламаларға жазылу