Ресейдің Иванов облысында Қазақстанның мақтасы мен көкөністері көптеп сатылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Иванов облысында Қазақстанның мақтасы мен көкөністері көптеп сатылмақ

08.06.2015
Ресейдің Иванов облысында Қазақстанның мақтасы мен көкөністері көптеп сатылмақ

Ресейде шығарылатын тоқыма өнімдерінің 80 пайызы Иванов облысына тиесілі. Мәселен фабриканың өнімі Беларусь пен Қазақстанда сатылуда. Сәйкесінше өндіріс кеңейген сайын, шикізат тапшы. Сондықтан бұл өңір қазақтың мақтасына мұқтаж. 

Елімізден келген делегация, сапар барысында жергілікті кәсіпкерлермен, сауда палатасымен және облыс басшылығымен кездесті. Нәтижесінде нақты келісімге келді.

Иванов облысы шалғайда жатса да, Қазақ елімен қал-қадірінше қарым-қатынас орнатқан. Біздің бұл өңірмен арадағы алыс-берісіміз, 1 миллион долларды құрайды. Ендігі мақсат – осы көрсеткішті еселей түсу.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу