Мұнай бағасы арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасы арзандады

09.06.2015
Мұнай бағасы арзандады

ОПЕК-тің өндірісті қысқартпау шешімі «қара алтын» бағасының арзандауына түрткі болды.

Биржаларда мұнайдың WTI маркасының бір баррелінің құны 0,69 пайызға түсіп, 58 доллар 72 центке сатылды. Ал, Brent маркалы мұнай 0,46 пайызға арзандап, 63 доллар 02 центке саудаланған.

Естеріңізге сала кетсек, ОПЕК елдері өткен аптаның соңында тағы жарты жыл бойы тәулігіне 30 миллион баррель мұнай өндіруге келіскен. Ұйымның өндіріс көлемін қайта қарайтын кезекті сессиясы  4 желтоқсанға белгіленіп отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу