Жоғалған ұшақта ұрланған құжатпен жүргендер болғаны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғалған ұшақта ұрланған құжатпен жүргендер болғаны анықталды

09.03.2014
Жоғалған ұшақта ұрланған құжатпен жүргендер болғаны анықталды
Малайзия билігі жоғалған Boeing-777-200  ұшағына қатысты тексеру амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды РИА Новости. «Malaysia Airlines» компаниясына тиесілі әуе кемесі сенбі күні Шығыс-Қытай теңізі аумағында жоғалып кеткен.
 
Ұшақ бортында Италия және австриялық азаматтардың құжатын ұрлаған  4 жолаушы анықталған.  Тексерісті Федералды тергеу бюросы жүргізуде. Бүгін ұшақты іздестіру операциясына Вьетнам, Қытай, АҚШ, Филиппин елдерінің 40 әскери және құтқару кемесі  жұмылдырылды.

Айта кетейік, Малайзия астанасы Куала-Лумпурдан Пекинге бағыт алған  әуе кемесінде 227 жолаушы, 12 экипаж мүшесі болған.

Хабарламаларға жазылу