Қазақстандық спортшылар Әзірбайжан астанасы Баку қаласында 9-наурыз күні аяқталған ересектер арасындағы «Ұлы Жібек жолы-2014» халықаралық турнирінде бірден үш медальді - алтын, күміс және қоланы қанжығаларына байлады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Закир Сафиуллин турнир жеңімпазы атанды. Күміс жүлдені Дәурен Елеусінов (81 келі) иеленсе, қола Сағадат Рахманқұловтың (69 келі) үлесіне тиді.
Ал, Ерлан Тамемов (52 келі), Сапарбай Айдаров (75 келі) пен Нұржан Бекзатов (+91 келі) өкінішке қарай, ширек финалда ұтылып қалды.
Бұл додаға барлығы 9 елден 130-дан астам спортшы қатысты.