Қазгидромет: 11 наурызға арналған ауа райы болжамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: 11 наурызға арналған ауа райы болжамы

11.03.2014
Қазгидромет: 11 наурызға арналған ауа райы болжамы

Ел аумақтарының басым бөлігі 11 наурыз күні антициклонның ықпалында, күн ашық болады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Тек ауа ағындарының әсерінен солтүстік пен шығыста кей жерлерде аздап қар жауып, күн бұрқасындатады, көктайғақ болады.

Республика бойынша бірқатар жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Ақмола, Қостанай облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, тұман түседі. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстанда, күндіз Жамбыл, Атырау облыстарында кей жерлерде  желдің күштілігі 15-20 м/с-қа дейін барады.

Маңғыстау облысында кей жерлерде шаң көтеріліп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Шығыс Қазақстан облысының бірқатар жерінде бұрқасын болады, ал күндіз күші  15-20 м/с-қа дейін жететін жел соғады. Сондай-ақ Павлодар облысында да екпіні 15-20 м/с болатын жел күтіледі.

Хабарламаларға жазылу