Еуразиялық экономикалық одақ аясында «бір терезе» қағидасы іске қосылды. Бұл тәуекел жағдайлардың алдын алуға, одақтың жалпыға ортақ талаптары мен заңдылықтарын сақтауға мүмкіндік береді.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбеков айтты.
Сондай-ақ, «бір терезе» механизмі одаққа мүше елдердің бюджетін үнемдеп, әкімшілік процедураларды оңтайландырады.
«Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» бағдарламасында кедендік рәсімдерді өтеу кезінде «бір терезе» қағидасын енгізу, кеден және салық жүйесін біріктіру мәселелері көрсетілген. Қазірдің өзінде одақ шеңберінде тарифтік саясат ықшамдалуда», дейді Н.Жазылбеков.
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ