Биыл «Бір ел - бір кітап» акциясы бойынша оқылатын кітап белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл «Бір ел - бір кітап» акциясы бойынша оқылатын кітап белгілі болды

11.03.2014
Биыл «Бір ел - бір кітап» акциясы бойынша оқылатын кітап белгілі болды

Бүгін Астанада «Бір ел - бір кітап» акциясының кітабы жарияланады. Үстіміздегі жылы акцияның ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша жалпыхалықтық оқуға белгілі қазақ жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сайын Мұратбековтің «Жусан исі» және «Басында Үшқараның...» атты повестері таңдалды. Бұл туралы astana.kz сайтына ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынан хабарлады.


Биыл акция сегізінші рет өткізілмек. Әдеттегідей, іс-шара барысында ұлттық, облыстық, аудандық және ауылдық кітапханалардың оқырмандары, мектеп, колледж оқушылары, жоғарғы оқу орындарының студенттері Сайын Мұратбековтің өмірімен және шығармашылығымен танысып, «Жусан исі» және «Басында Үшқараның...» повестерін оқып, талдайды.

Сонымен қатар, оқырмандар жазушының шығармалары туралы деректерге толығырақ «Сайын даланың сұңғыла суреткері» атты кітап көрмесінде қанық болады.

Айта кетейік, Мұратбековтің бірқатар шығармалары орыс, өзбек, татар, украин, беларусь, грузин, әзірбайжан, литва, араб тілдеріне аударылған.


Жыл бойы Қазақстанның барша өңірінде, ауылдық,  аудандық,  облыстық кітапханаларда Сайын Мұратбеков шығармашылығын насихаттайтын 2 мыңнан астам іс-шара өтеді.

Хабарламаларға жазылу