Наурыздың 12-13 күндері Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Жалын жұтқан Жанна д Арк» атты драманың премьерасы өтеді.
Француз драматургі Жан Ануйдың пьесасын режиссер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - Әлімбек Оразбеков сахналайды.
Жанна д Арк Орлеанқызы - Францияның батыр қызы. Кезінде француз халқының ағылшындарға қарсы азаттық күресін басқарған. Шаруа отбасында дүниеге келген. Бала кезінен діншіл болған ол өзін Құдай Францияны азат етуге жіберді деп сенді.
1429 жылы 8 мамырда ағылшындардың қолында болып келген Орлеан қаласын азат етті. Осы еңбегі үшін халық оны Орлеанқызы деп атады. Француздардың батыр қызының бейнесі қазақ театр сахнасында заманауи режиссерлік қолтаңбамен сахналанбақ.
Жанна д Арк бейнесін театр актрисалары – Айнұр Бермұхамбетова мен Сая Тоқманғалиевалар сомдайды.
Басталуы: сағат 18.30-да