Жоғалған Boeing 777-200 ұшағынан шыққан дабылдар тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғалған Boeing 777-200 ұшағынан шыққан дабылдар тіркелді

14.03.2014
Жоғалған  Boeing 777-200 ұшағынан шыққан дабылдар тіркелді

Байланыс жер серіктері із-түзсіз жоғалған малайзиялық Boeing 777-200 ұшағынан шыққан әлсіз электронды дабылдарды тіркеді. Алайда бұл дабылдар арқылы оның қазір қайда және қандай күйде екенін анықтау мүмкін болмай отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.

Дабылдар ақауларды іздеу жүйесінен шықты, бірақ техникалық ақаулар туралы толық ақпарат ақыры анықталмады.

Еске сала кетейік, ішінде 227 жолаушысы мен 12 экипаж мүшесі бар «Малайзиялық авиажүйлердің» Boeing 777-200 ұшағымен байланыс 7 наурыз күні Малайзия астанасынан ұшып шыққаннан кейін екі сағаттан соң үзілді. Қазіргі уақытта лайнерді Малайзия, Қытай, Сингапур, Вьетнам, Филиппин, Индонезия, Үндістан және АҚШ елдерінің авиациялары мен кемелері жұмыла іздеуде.

Хабарламаларға жазылу