EXPO-2017 көрмесінде 3 мың шаршы метр аумаққа этноауыл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017 көрмесінде 3 мың шаршы метр аумаққа этноауыл салынады

14.03.2014
EXPO-2017 көрмесінде 3 мың шаршы метр аумаққа этноауыл салынады
EXPO-2017  көрмесі кезінде 3 мың шаршы метр аумаққа қазақтың этноауылы салынады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Ермегияев мәлімдеді.
 
«EXPO шарасы кезінде   шетелдіктерге өзіміздің дәстүрімізді, мәдениетімізді көрсету керек. Ол үшін біріншіден, Халықаралық көрмелер бюросының талабы бойынша,  Қазақстанның павильонын салу қажет. Екіншіден, этноауыл салынады. Онда қазақтың бұрыннан келе жатқан тарихы мен дәстүрі көрсетілуі шарт. Қазақстан павильоны қасынан бұл мақсатқа 3 мың шаршы метр жер беріледі. Онда шетелден келетін меймандарға арналып, мәдени шаралар өткізілетін болады», деді журналистердің сұрағына жуап берген Талғат Ермегияев.

Хабарламаларға жазылу