15 салмақ дәрежесі бойынша WBA жариялаған жаңа рейтингте қазақстандық бес боксшы үздіктер қатарына енді.
Қазіргі таңда WBA тұжырымы бойынша Бейбіт Шүменов (79,3 келі) пен Геннадий Головкин (72,5 келі) Әлем чемпионы атағына ие.
76,2 келіде Дмитрий Сартисон рейтингтің 8 сатысына орналасты. Ал 69,8 келіде Қанат Ислам 11-ші орынға көтерілді. 66,68 келіде Роман Жайлауов 15-ші орынға тұрақтады.
WBA бұл айдың үздік боксшысы ретінде Оңтүстік Африка өкілі Хекки Бадлерді атады. Ол 1 наурызда колумбиялық Карлиус Диасты бірінші раундта нокаутқа жіберіп, 47,6 келі салмақта Әлем чемпионы атанды.