Қазақстандық әнші италиялық театр сахнасында басты рөлді ойнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық әнші италиялық театр сахнасында басты рөлді ойнады

16.03.2014
Қазақстандық әнші италиялық театр сахнасында басты рөлді ойнады
Мария Мудряк Генуя қаласындағы «Карло Феличе» театрында «Свадьба Фигаро» операсында Сюзаннаның рөлін ойнады. Мария Мудряктың қатысуымен өткен спектакльдің премьерасы 15 наурыз күні өтті. Опера әншісінің тамаша өнер көрсеткенін оның тыңдармандары ғана емес, белгілі музыка сыншылары да жоғары бағалады.
 
Әншінің айтуынша, спектакльдегі өзі ойнаған кейіпкер өте күрделі. «Сюзаннаның рөлін ойнау біршама қиынға түсті. Өйткені үш жарым сағатқа созылатын спектакльде өзіңді өте жақсы ұстауың керек. Сондай-ақ, Бомаршенің Моцарттың музыкасына жазған оқиғасын көрерменге жеңіл әрі қызықты етіп жеткізу керек болды. Әрине, қиынға соқты. Бірақ, осындай күрделі рөлді 19 жасымда маған сеніп тапсырғанына қуаныштымын. Сенімді ақтадым деп ойлаймын», деді Мария Мудряк.
 
Мария Мудряктың осы жылдың қаңтарында Италияның Комо қаласында өткен «AsLiCo» халықаралық байқауындағы жеңісінен кейін оған осы рөл сеніп тапсырылған болатын.
 
Аталған байқауда Мария тек жеңімпаз дипломын ғана иеленіп қоймай, көрермендер көзайымына айналған еді. Италия басылымдары жас әншіні жас опера әншілерінің халықаралық байқауындағы «Тұмар» деп атады.
 
Еске сала кетейік, Мария Мудряк 5 жасында әлемнің ең жас әншісі, ең алғаш лазерлік жеке жинағын шығарған әнші ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген болатын.
 
Он жасында Мария Ла-Скала театрына қарасты Миландағы Жоғарғы музыка академиясына қабылданды. Кейіннен ол Мемлекеттік консерваторияның ең жас студенті атанды. Ол Президенттің «Болашақ» шәкіртақысының иегері.

Хабарламаларға жазылу