Асығы көп әнші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асығы көп әнші

19.03.2014
Асығы көп әнші

Бір қоржын асығы бар әнші: «Асық жинауды бала кезден бастадым. Ол кездері асық ойнағанда ауыл-ауылға бөлінетін. Сол ауылдардан ұтып аламын. Кейін келе қонаққа барсам, ет асылған кезде де асығын аңдып отыратын болдым. Кейбір кездері көзіме түскен асықтарды иесінен сатып алатынмын. Менде Қызылорда, Шымкент жақтың асықтары да бар. Бірақ, көбі өзімнің туған жерім Ақтөбе облысының асықтары»,-дейді.

 
«Қазір асық ойнаудан гөрі, жинауға бейіммін. Анда-санда әсіресе, ауылға барғанда ғана ойнаймын. Асық ойындарының ішінде маған жақыны – «Ханталапай»,-дейді ол.
 
Ал әншінің шығармашылығындағы соңғы жаңалықтар туралы «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу