Ондағы мақсат – әлемдік экономиканың хал-ахуалын бағамдап, болжам жасау.
Форумның жұмысына Ресей Президенті Владимир Путин қатысты. Ол жаңа интеграциялық бастамаларға ерекше мән беру керектігін айтты.
Бұл тұрғыда Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай тарапы келешекте қоян-қолтық жұмыс істеуі қажет.
Сонымен қатар, Ресей басшысының жиында айтқан кейбір сөздері, жақында Қазақстан Президенті жариялаған реформалармен үндес шықты.
Экономикалық форумға барлығы 100 елден 6 мыңға тарта адам келді. Қазақ елінен Ұлттық банк пен Қаржы министрлігінің және бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ