19-25 наурыз аралығында жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар тіркеледі. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақстанның барлық өңірлеріне қатынайтын пойыздарға 116 қосымша вагон тіркелмек. Вагондарды тіркеу кестесін құру кезінде жолаушылардың барлық сұраныстары ескерілді.