Қарағанды облысында өнімдерін өткізе алмай отырған бірқатар кәсіпорындар тұйыққа тірелуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында өнімдерін өткізе алмай отырған бірқатар кәсіпорындар тұйыққа тірелуде

19.06.2015
Қарағанды облысында өнімдерін өткізе алмай отырған бірқатар кәсіпорындар тұйыққа тірелуде

«ALIAN-PAINT» компаниясы 2003 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Мұнда құрылысқа қажетті лактар мен бояулардың түр-түрі шығарылады.

Кәсіпорын франциялық технология бойынша сапасы жоғары өнім шығарып отыр. Жылына 3 мың тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы. Бірақ оған сұраныс жоқ. Есесіне Қытайдан және Әзірбайжаннан әкелген бояулар жылдам өтіп жатыр. Отандық өнімді алуға құрылыс компаниялары құлықсыз.

Ал, Қарағандылық аяқ киім өндіруші кәсіпорынның ұжымы жеңіл өнеркәсіпке кедергі келтіріп отырған тағы бір проблеманы айтуда.

Нарықта отандық фабрикада тігілген аяқ киімдерідің орынына шетелдік сапасы күмәнді, арзанқол өнімдер өтімді болып тұр. Ал, жоғары сапалы, әрі еңбек қауіпсіздігі үшін қолайлы қарағандылық жұмыс аяқ киімдері мемлекеттік тапсырыспен сатып алушылар салдарынан өтпей жатыр.

Себебі порталға қойылатын талапта сапа емес, бағаға баса мән беріледі. Сол себепті өндірушілер сатып алым жүйесіне отандық өнімді қолдауға арналған жаңа тәртіп еңгізілсе екен дейді.

Ал, осы салаға жетекшілік ететін облыстық басқарманың басшылары болса «кәсіпорындарға көмектесеміз, қолдаймыз, қорғаймыз» дегеннен ары аса алмай отыр.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу