Өскеменде Жастар орталығының ұйымдастыруымен Наурыз мейрамында қазақы дәстүрмен жас жұбайлар некесі қиылды. Аймагүл және Рафхат Нұғұмановтардың шаңырақ көтеру рәсімі алаңда ақ киіз үйде өткізілді. Мақсат - ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту, жұртшылыққа насихаттау.
Неке қию тойына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, жас отбасыға плазмалық теледидар тапсырды. «Жаңа отбасының шаңырақ көтеруі бейбіт мереке күні, жаңару күні болғаны қуантады. Жастар өздерінің үйлену тойларын ұлттық үлгіде өткізуді жөн санапты. Осы әрекеттерімен олар ата-бабамыздың дәстүрін еске алып, оған құрмет көрсетіп отыр», - деді әкім.
Рафхат - болашақ бағдарламашы, Ал Аймагүл мектепте «Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ береді.