Қазіргі заманда танымал мәдениет қайраткерінің әрбіреуі үшін оның әлеуметтік желілердегі беделінің маңызы артып келеді.
Өткен аптаның соңында Колумбия-америкалық әнші Шакираның жұлдызы жанды. Ол ресми түрде Facebook-тағы ең танымал пайдаланушы ретінде танылды.
Әлеуметтік желінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, әншінің парақшасына 86 миллионнан астам адам қосылған, бұл көрсеткіш батыстағы танымал әнші Рианадан 2 миллионға артық. Шакира бұл оқиғаға байланысты өзінің әлеуметтік парақшасында былай деп жазған: «Маған жаңа ғана бүкіл әлемде Facebook бойынша ең көп досы бар адам екенімді хабарлады. Әлі күнге сене алар емеспін. Сіздермен дос болғаныма өте қуаныштымын. Сіздерге алғысымды айтамын, мен шексіз қуаныштымын!».