Үнді мұхитында «күдікті нысандар» табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үнді мұхитында «күдікті нысандар» табылды

24.03.2014
Үнді мұхитында «күдікті нысандар» табылды
Қытайдың іздеу ұшағының экипажы Үнді мұхитында «күдікті нысандар» табылғанын хабарлады.  Malaysia Airlines  ұшағын  іздеудестіру операциясы Үнді мұхитының оңтүстігінде, Австралияның оңтүстік-батысында жүріп жатыр. Осы аймаққа әлемнің бірнеше елінің ұшақтары, әуе кемелері тартылған.
 
Бұған дейін, Австралияның теңіз қауіпсіздігі басқармасы Перт қаласынан 2,5 шақырымдай жерде екі нысанның анықталғаны туралы хабарлаған болатын. АҚШ Malaysia Airlines іздеу жұмыстарына жоғарғы технологиялы дыбыс локаторы Towed Pinger Locato құрылғысын бағыттады. Бұл құрылғы ұшақ бортының қалдықтары табылғанда оны анықтауға септігін тигізеді.
 
Куала-Лумпурдан Бейжіңге бағытталған, бортында 227 жолаушысы, 12 экипаж мүшесі бар әуе лайнері 8 наурыз түні ешқандай белгі берместен радардан жоғалып кеткен. Соңғы байланыс кезінде ол Малазия шығыс жағалауынан 220 шақырым жерде болған
 
 
Дереккөз: Tengrinews.kz .

Хабарламаларға жазылу