Кино өнерiнде каскадер дейтiн қызық және қатерлі мамандық бар. Бұл – екiншi пландағы актер деген сөз. Актер жасай алмаған небiр қиын әдiстердi орындайтын да осы мамандық иелерi.
Қазақстанда «Номад» атты каскадерлер тобы бар. Ол топтың құрылғанына да он жылдан астам уақыт өттi. Осы уақыт iшiнде «Номад» тобы әлемнiң көптеген елдерiне танылып та үлгердi.
Қазақстандық шеберлердiң әдiс-тәсiлiне тәнтi болған әлемдiк кинорежиссерлер бүгiнде көбiне «Номадтың» көмегiне сүйенеді. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Еуропа елдерi бар.
Түрлі фильмдерде, мемлекеттік маңызы бар шараларда каскадерлік өнерді паш етіп жүрген шабандоз жігіттер бүгін «Түнгі студияда» қонақта.
Нұрлан Алтаев, Бауыржан Әбішев және Қанатбек Күнғожинов сынды жүректі жігіттердің әзілді сұхбатын бүгін 23.10-да тамашалай аласыздар.