Фабрика қызметкерлері сүтке шомылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фабрика қызметкерлері сүтке шомылған

26.03.2014
Фабрика қызметкерлері сүтке шомылған
Ресейдің Омбы қаласының тұрғындары әлеуметтік желілерден ірімшік фабрикасы қызметкерлерінің жұмыс барысында сүтке шомылғаны түсірілген суреттерді көріп, наразылық білдіруде, деп хабарлайды lifenews.ru.
 
Омбылықтар қалалық «Роспотребнадзор» мекемесіне жергілікті ірімшік фабрикасын тексеруді өтініп, хабарласқан. Бұл жаға ұстатарлық оқиғаны фотоға түсіріп, әлеуметтік желіге орналастырған сол фабрика қызметкерлерінің бірі – Артем Романов екені анықталды.
 
Ол Жаңа жылды достарымен бірге  жұмыста қарсы алған. Біраз уақыттан соң, жастар салқындағысы келіп, сүт толы ваннаға түскен. Ал танымал «Косичка» ірімшігі дәл осы фабрикада  жасалады екен. Тіпті, жұмыскерлер бір-бірі қуалап,  ірімшік массасы қалай жасалатынын көрсету мақсатында бейнеролик жасамақшы болған.  
 
Ал олар шомылған сүтті «Роспотребнадзор» зерттемек. Омбы тұрғындарының ойынша, дәл осы сүт өндірісте қолданылуы мүмкін. Жақын арада өндіріс орнына жоспардан тыс тексеру жүргізілмек.

Хабарламаларға жазылу