Бүгіннен бастап теміржол билеттерін интернет арқылы сатып алу технологиясы енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгіннен бастап теміржол билеттерін интернет арқылы сатып алу технологиясы енгізіледі

26.03.2014
Бүгіннен бастап теміржол билеттерін интернет арқылы сатып алу технологиясы енгізіледі
Бүгіннен бастап Қазақстанда теміржол билеттерін интернет арқылы сатып алу технологиясы енгізіледі. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында жоба менеджері Ғазиз Дөненбай мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
 
«Бүгін сағат, 19:00-ден бастап «Қазақстан теміржолы» ҰК фискальді электрондық билеттер тәжірибелік жобасын іске қосады. Бұл электронды билеттер әрі фискальді чек, әрі жол жүру құжаты болып табылады. Жоба алдымен Астана, Алматы, Ақтөбе, Орал, Атырау қалаларында және Алматы-Астана (1-ші, 2-ші пойыз), Орал-Астана (57-ші, 58-ші пойыз), Атырау-Алматы (77-78-пойыздар), Ақтөбе-Астана (87-88-пойыздар) маршруттары бойынша енгізіледі», - деді Ғазиз Дөненбай.
 
Оның айтуынша, жобаның негізгі міндеттері электронды билетті сатып алуға мүмкіндік беретін ғаламтор порталын жаңарту, жаңа фискальді билетті сататын терминалдарды 5 аймаққа орнату, 4 маршрут бойынша жүретін жолсеріктерді мобильді терминалдармен қамтамасыз ету.
 
«Бүгіннен бастап әрбір жолаушы  кез келген компьютер арқылы электронды билетті сатып алып, кассаға бармай-ақ, бірден пойызға отыра алады. Ол үшін оның қолында билеттің қағазға шығарылған нұсқасы болуы қажет», - деді жоба менеджері.
 
Оның айтуынша, компания, сонымен қатар, теміржол кассаларында сатылатын дәстүрлі билеттердің пішінін де өзгерткен. Оқуға жеңіл етіліп, термо қағазға басылып шығатын бұл билеттердің басуға кететін шығандары едәуір азайтылған.
 
«Мұндай жаңалықтар кассадағы есеп және өңдеу жұмыстарын жеңілдететін технологияларға көшуге байланысты болып отыр», - деп атап өтті Ғазиз Дөненбай.
 
Оның айтуынша, бұл жоба 2015 жылы бүкіл Қазақстан территориясы бойынша енгізіледі.

Хабарламаларға жазылу