УЕФА бастамасымен балалар қоры құрылды. Бұл туралы бүгiн Астанада ұйымның XXXVIII Конгресiнде Мишель Платини мәлiм еттi.
УЕФА президентiнің сөзінше, аталмыш қор ұлттық қауымдастықтар арқылы жергiлiктi талантты балаларды жаттықтыруға бағытталмақ.
«УЕФА-ның Атқарушы комитетi аталған қорды құру туралы құжатқа қол қойды. Ендi бiз игi iс жасап жатқанын түсiнетiн адамдармен бiрге бұл жобаны үлкен ынтамен атқаратын боламыз», - дедi ол.
Қордың қаражаты Еуропада және әлем елдерiндегi мұқтаж балаларды қаржыландыру бағдарламаларына бағытталады. Әрбiр ұлттық қауымдастық өз елдерiнде бiр немесе бiрнеше балалар қорларын толық немесе жартылай қаржыландыру тетiктерi жасауы керек.