Бүгін ауа райы құбылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін ауа райы құбылуы мүмкін

31.03.2014
Бүгін ауа райы құбылуы мүмкін

Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кейбір аймақтарда ауа райының тұрақсыздығы сақталады, кей жерлерде бұрқасын, желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болады. Тек еліміздің оңтүстік-шығыс бөлігінде шауын-шашын болмайды, кейбір жеріне тұман түседі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Бүгін, 31 наурызда Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және күндіз жел күейіп, оның қуаты 23-28 м/с дейін барады деп күтілуде. Қостанай облысында да түнде және күндіз желдің екпіні секундына 15-20, кейбір аудандарда 25 метрге дейін барып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кейбір жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с дейін барады.

Ал Жамбыл, Маңғыстау облыстарына тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір аймағында найзағай мен тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 м болады деп күтілуде. Қызылорда облысында желдің күші 15-20 м/с, шаңды дауыл тұрады. Сондай-ақ Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының кейбір жерінде желдің екпіні 15-20 м/с деңгейінде болады.

Хабарламаларға жазылу