Ғарышты бағындыру жолында адамзат баласы ең алдымен хайуанаттарды сынады. 1960 жылдың 19 тамызында Белка және Стрелка есімді иттер ғарышқа ұшырылу арқылы әуеге жол ашқан еді.
Неге ғарышқа тек иттер ұшырылғанын білесіз бе? Өйткені, олар адам тілін жақсы түсінеді. Айтқан бұйрықтарды бұлжытпай орындайды. Ал физиологтар иттерді басқа тіршілік иелерімен салыстырғанда, ыстық пен суыққа әлдеқайда төзімді екенін айтады.
Мамандар ғарышқа аттанатын үміткер иттерді саралағанда күтімі жақсы иттерді таңдамаған. Керісінше, қараусыз жүргендерін бірінші сынақтан өткізген. Қараусыз, көше кезген иттер сынақтардан сүрінбей өтіп, адам ағзасы шыдас бермейтін жаттығуларды орындап, оң нәтиже көрсетті.
«Восток» ғарыш кемесі Жерге аман оралды. Дін-аман оралған Белка мен Стрелка мектептер мен балабақшалар, жоғары оқу орындары мен конференциялардың басты қонағы болып отыратын. Стрелка тіпті екі мәрте өмірге дені сау күшіктер әкелді.
Ғарышқа ұшқан бірақ Жерге оралмаған басқа да иттер туралы толығырақ мәліметті «Таңшолпанның» сюжетінен көріңіз.