Сергей Железняк: ДСҰ-ға кіруде Қазақстанның ұлттық мүддесі жан-жақты ескерілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сергей Железняк: ДСҰ-ға кіруде Қазақстанның ұлттық мүддесі жан-жақты ескерілген

24.06.2015
Сергей Железняк: ДСҰ-ға кіруде Қазақстанның ұлттық мүддесі жан-жақты ескерілген

Бұл процесс ұзаққа созылғанымен, Қазақстанның ұлттық мүддесі жан-жақты ескерілді. Ресейлік танымал тұлғалар осындай пікір білдіріп отыр.

Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Дума төрағасының орынбасары Сергей Железняктың айтуынша, Дүниежүзілік сауда ұйымы арқылы еліміздің алдынан жаңа мүмкіндіктер ашылып, экономикамыз өседі.

Келіссөздердің сәтті аяқталғанымен құттықтаған саясаткер, бұл іс тек Қазақстанға ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ құрамындағы өзге мемлекетер үшін де пайдалы екенін айтты.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу