«Эйр Астана» ұшақтары Еурокомиссияның «сұр тізімінен» шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Эйр Астана» ұшақтары Еурокомиссияның «сұр тізімінен» шықты

11.04.2014
«Эйр Астана» ұшақтары Еурокомиссияның «сұр тізімінен» шықты

«Эйр Астана» Еурокомиссияның «сұр тізімінен» шықты. Ендігі жерде «Эйр Астана» әуе компаниясы ұшақтарының Еуропалық Одақ елдеріне ұшуына қойылған шектеулер жойылды. Әуе тасымалдаушы еуропалық бағытта әуе сапарының жиілігін арттыруға рұқсат алды. Еуроодақ әуе қатынастары Қауіпсіздік комитеті, «Эйр Астана» қауіпсіздік бойынша халықаралық стандарттарға толықтай сай деген қорытынды айтты.

Осыған байланысты «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер бұл шешімге риза екенін білдіре келе: «Бұған «Эйр Астана» әуе компаниясы қызметкерлерінің қажырлы еңбегі арқасында жеттік. Енді әуе компаниясы Еуропа елдеріне жаңа бағыттар ашуды жоспарлайды. Оның ішінде 2014 жылдың соңында не 2015 жылдың басында Париж және Прага бағытында ұшатын боламыз.

Әсіресе, ҚР Транспорт және коммуникация министрлігіне алғысымызды білдіреміз» - деді ол. Қазіргі уақытта әуе компаниясы Алматы мен Астанадан Лондонға аптасына үш рет сапарлайды. Атап айтқанда Астана- Франкфурт, Атырау-Амстердамға аптасына алты рет ұшады.

Хабарламаларға жазылу