Ешкімнің де жекеменшікке қол сұғуға құқығы жоқ. Бұл туралы бүгін Ақордада Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Нарықтық экономикалы мемлекет ретінде Қазақстан жекеменшіктің тұрақтылығы жайында нақты мәлімдеуі тиіс. Ешкімнің де жекеменшікке қол сұғуға құқығы жоқ», - деп қадап айтты Президент.
Сондай-ақ, Елбасы: «Біз нарықтық экономикада, капитализмде тұрмыз. Ұялатын ештеңесі жоқ, Қазақстан экономикасы осындай жүйеде жұмыс істейді. Сондықтан да, осы тәртіппен өмір сүріп, тиісті заңдар қабылдануы тиіс», деді.
Өз кезегінде ҚР Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов инвесторлар үшін ең бастысы - тұрақтылық керек екенін атап өтті.