«Актовегин» препаратын егуге тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Актовегин» препаратын егуге тыйым салынды

12.04.2014
«Актовегин» препаратын егуге тыйым салынды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбеде үш әйелдің өліміне себепші болған «Актовегин» препаратын тұрғындарға егуге тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
 
Препаратты егуді тоқтату туралы бұйырыққа 9 сәуірде ҚР Денсаулық министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Руслан Нұрмұханов қол қойған.
 
Бұл дәріні  қолдануға комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің хаты себеп болған екен. Онда әлгі препараттың адам денсаулығына кері әсер еткендігі көрсетілген.
 
ҚР Денсаулық министрлігінің бұйрығына сәйкес «актовегин» препаратының үлгілері дәрі-дәрмектерді сараптау ұлттық орталығына жіберілуі керектігі де айтылған.
 
Айта кету керек,  2014 жылы наурыз айында Ақтөбе қаласындағы №3 ауруханада үш әйелактовегин препаратын тамырға қабылдағаннан кейін қайтыс болған еді. Ал төртінші науқас бірнеше күнге жансақтау бөліміне жатқызылған. Қазір ем қабылдауда.

Хабарламаларға жазылу