«2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Еуразиялық топ Павлодар облысына 4,4 миллиард теңге бөлетін болды. Бұл қаржыға Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында сегіз жалдамалы үй салынады.
Ал, ондағы пәтерлер «Қазақстан Алюминийі», «Қазақстан электролиз зауыты», «Ақсу ферроқорытпа зауыты», «Еуразиялық энергетикалық корпорация» сияқты кәсіпорындардың жұмыскерлеріне беріледі.
2016-2017 жылдары 36 мың шаршы метр баспана тұрғызылып, 640 адам қоныстандырылады.
Осыған орай, облыс әкімі Қанат Бозымбаев пен ERG менеджерлер кеңесінің төрағасы Александр Машкевич меморандумға қол қойды.
Болат АМАНБАЕВ