Студенттер ерекше марсоход роботын ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттер ерекше марсоход роботын ойлап тапты

22.04.2014
Павлодарлық студенттер ерекше марсоход роботын ойлап тапты. EXPO-2017 көрмесіне арналған байқауға қатысқан болашақ инженерлердің жұмысы үздік шықты.
 
«Пит» есімді роботтың құрастырушысы 17 жастағы инженер - Егор Коптиков. Ол роботтың құрылысымен ғана айналыспай, оған арнайы «Android» бағдарламасын ойлап тапқан. Сол арқылы «bluetooth» жүйесі бар кез келген ұялы телефонмен роботты басқаруға болады.  
 
«Біз жылжымалы бағдарламалық платформаны құрғымыз келді. Содан соң, құрылғыны тәжірибе жүзінде іске асыру ойымызда бар. Бұл біздің алғашқы жобамыз»,-дейді жоба авторы.
 
Ультрадыбысты тетіктің көмегімен «Пит» температура ылғалдылығын өлшеп, кедергілерді анықтайды. Кеңістікте өзі қозғала алады. Дистанциялық түрде басқарылатын құлтемірді құрастыру үшін студенттерге бірнеше ай бойы еңбектенуге келген.
 
Әйгерім ШАКАМАНОВА

Хабарламаларға жазылу