Бірыңғай зейнетақы қорында 600 мыңға жуық иесіз есепшот бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірыңғай зейнетақы қорында 600 мыңға жуық иесіз есепшот бар

22.04.2014
Бірыңғай зейнетақы қорында 600 мыңға жуық иесіз есепшот бар
Бүгінді таңда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жалпы жарнасы 1,2 миллиард теңгені құрайтын 600 мыңға жуық иесіз зейнетақы есепшоттары бар. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысында қор басшысы Руслан Ерденаевмәлімдеді.
 
Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, есепшоттардың барлығына инвестициялық кірістер аударылып тұрады. 
 
«Аталған 1,2 миллиард теңгеге осы жылдар ішінде 3,8 миллиард теңге инвестициялық кіріс аударылды»,-  деді Қайрат Келімбетов.
 
Р.Ерденаевтың сөзіне қарағанда,  бұған дейін иесіз қалған мұндай есепшоттардың саны миллионға жеткен. Бүгінде ай сайын 1,5 мыңға есепшоттың иесі табылып отырады. Алдағы уақытта бұл жұмыстар бір орталықтан жүргізілетін болады. 
 
«Мұндай шоттардың пайда болуының басты себебі, адамдар шетелге кеткеннен кейін  есепшоттарын естен шығарады не болмаса адам қайтыс болғаннан кейін мұрагерлері іздемейді», - деді қор басшысы.

Хабарламаларға жазылу