«Internet Avenue – 2014» көрмесі 24-26 сәуірде Алматыда өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Internet Avenue – 2014» көрмесі 24-26 сәуірде Алматыда өтеді

23.04.2014
«Internet Avenue – 2014» көрмесі 24-26 сәуірде Алматыда өтеді
24-26 сәуір күндері  Алматыдағы Атакент көрме кешенінде «Internet Avenue  - 2014» деп аталатын II Халықаралық интернет көрмесі өтеді.
 
Бағдарлама аясында интернет-көрме мен конференция ұйымдастырлады. Google (Ирландия), Яндекс (Ресей), Mail.Ru Group (Ресей) компанияларының өкілдері баяндама жасайды.  Сонымен қатар, конференцияға  Admitad GmbH (Ресей) Actionpay.ru (Ресей) әріптестік желісі, DocLogix (Литва), SeoPult (Ресей), Intelligent Emails / Ofsys (Ресей), Netpeak (Украина) және басқа да компаниялар шақырылған.
 
Биыл көрмеге ірі интернет жобалардың өкілдері де қатысады. Олардың ішінде - 1С Bitrix, IT integra, Actionpay, ТОО «ALMA Cloud», SATU.KZ, «Қазақтелеком» АҚ, «Казпочта» АҚ, «КРИС-сервис», Beeline және басқалары бар.
 
Конференция бағдарламасының шеңберінде бірқатар пікірталас өткізіледі. Талқыланатын тақырыптар – «Интернетте біздің балалардың болашағы бар ма? Ғаламтордың қаупі пен қарқыны», «Жоғары тұтынушылық қабілетіне ие адамдарға интернеттің тигізетін көмегі», «Е-коммерсті табысты ету».
 
26 сәуірде «Start up + Invest Avenue 2014» сессиясы өтеді. Мұнда инвесторлардың жаңа жобалары таныстырылады. Интернет-көрме туралы толық ақпаратты www.internet-avenue.kz  сайтынан алуға болады.
 
«Internet Avenue – 2014» деп аталатын II Халықаралық интернет көрмесіне кіру тегін.

Хабарламаларға жазылу