Астанада күрес түрлерінен Азия чемпионатының төртінші жарыс күні аяқталды. Грек-рим күресінен 85 келі салмақта қазақстандық палуан Нұрсұлтан Тұрсынов «алтын» алды.
Ол алғашқы айналымда түркіменстандық Кияс Эсеновтен басым түссе, жартылай финалда үнді палуаны Кумар Маноштан айласын асырды. Финалдық белдесуде Нұрсұлтан Тұрсынов өзбек спортшысы Рустам Асакаловты жеңді.
71 келі салмақта белдескен Мақсат Ережепов күміс жүлдегер атанды. Ол финалда Оңтүстік Корея өкілі Джун Джихьюнға есе жіберді.