Түркия Түркі академиясын құру туралы келісім жобасын мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия Түркі академиясын құру туралы келісім жобасын мақұлдады

25.04.2014
Түркия Түркі академиясын құру туралы келісім жобасын мақұлдады

Бүгін Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Түркі академиясын құру туралы келісім заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Түркі академиясының баспасөз қызметі.
  
 Аталған келісім 2012 жылдың 23 тамызында Бішкекте жасалған еді. Түркия - бұл заң жобасын қабылдап отырған екінші ел. Бұған дейін келісімді Әзірбайжан Парламенті бекіткен.
  
 Қазір бұл заң жобасы Қазақстан мен Қырғыз елінің заң шығарушы органдарының қарауында. Маңызды құжатты аталған екі елдің бірі бекітсе, Түркі академиясы халықаралық бірегей институт мәртебесін алады.         

Хабарламаларға жазылу