10 шақырымға созылған із қуалай жарысуда қазақстандық спортшылар Елена Хрусталева 37-ші, Дарья Усанова - 41 орынды иеленді. Елена Хрусталева нысана көздеуден мүлт кеткен жоқ. Дегенмен Олимпиаданың «алтынын» алған беларусьтық Дарья Домрачевадан 3 минут 35,8 секунд қалып қойды. Қалған жүлделі орынды норвегиялық Тура Бергер мен словениялық Тея Гергорин бөлісті.
Биатлон. Спринт. 10 шақырым. Әйелдер. Олимпиада ойындары. Сочи, Ресей.
1. Дарья Домрачева (Беларусь) 29:30.7
2. Тура Бергер (Норвегия) +37.6
3. Тея Грегорин (Словения) +42.0
37. Елена Хрусталева (Қазақстан) +3:35.8
41. Дарья Усанова (Қазақстан) +4:23.9