Сол арқылы инновациялық белсенділікті 20 пайызға, жалпы ішкі өнімдегі инновациялық өнімнің үлесін 2,5 пайызға арттырып, зерттеу жұмыстары мен сынақ жобаларына жұмсалатын ішкі шығын көлемін жалпы өнімнің 2 пайызына дейін көтеруді жоспарлауда.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, былтыр мемлекеттік қолдауға ие болған жобаларды жүзеге асыру арқылы мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, мемлекетке 930 млн теңге көлемінде салық төленген. 33.3 млрд теңгенің өнімі өндірілген.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ