Орташа салмақтағы әлемнің экс-чемпионы, 28 жастағы мексикалық Хулио Сезар кіші Чавесорташа салмақтағы WBA және IBO нұсқалары бойынша Әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуге дайын.
Кіші Чавесегер оның «Top Rank» компаниясымен келісімнің мерзіміавтоматты түрде ұзартылмайтын болса, Головкинмен кездесу келісімшартына қол қоятынын мәлімдеді.
Головкин мен Чавес арасындағы кездесу Лос-Анджелесте екінші орта салмақта «Форум» жабық аренасында 19 шілде күні өтеді, деп болжануда. Осылайша, бұл қазақстандық боксшының кәсіби рингтегі 30-кездесуі болмақ - деп хабарлады «ҚазАқпарат».