Қазақстан Бішкек пен Оштағы мектеп құрылыстары үшін 1,2 миллиард теңге бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Бішкек пен Оштағы мектеп құрылыстары үшін 1,2 миллиард теңге бөлді

02.05.2014
Қазақстан Бішкек пен Оштағы мектеп құрылыстары үшін 1,2 миллиард теңге бөлді
Қазақстан Үкіметі Қырғыз Республикасындағы мектеп құрылысына 1 миллиард 200 миллион 800 мың теңге бөлді.
 
Бұл туралы Қырғыз Республикасының Мемлекеттік архитектура, құрылыс және тұрғын үй-коммунальдық шаруашылық агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп мәлімдеді ҚазАқпарат.
 
Екі ел үкіметтерінің арасындағы мәдени ынтымақтастық пен әріптестікті дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде 2013 жылғы 11 сәуірде білім саласын дамыту жөніндегі келісім жасалған болатын.
 
500 оқушыға арналған мектептің бірі Бішкектің «Ала-Тоо» тұрғын үй алабында, екіншісі Ошта (500 оқушыға арналған) салынбақ.

Хабарламаларға жазылу