EXPO-2017 экоқалашығында электромобильдер қатынайтын болады - Нұрлан Қаппаров - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017 экоқалашығында электромобильдер қатынайтын болады - Нұрлан Қаппаров

02.05.2014
EXPO-2017 экоқалашығында электромобильдер қатынайтын болады - Нұрлан Қаппаров

Астанада EXPO-2017 көрмесі өтетін кешенінде электромобильдер қатынайтын болады. Бұл туралы бүгін Астанада Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші отырысында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.

«EXPO-2017 қалашығы мультифункционалды кешен болады. Біз алдыңғы қатарлы және тұрақты экоқалашықтың жобасын жасап жатырмыз. Барлық заманауи технологиялар қолданылады. Әр тұрғын үйде «өте ақылды» желілер, сақтау жүйесі мен инфрақұрылым іске қосылады. Біз экоқалашыққа электромобильдерді енгіземіз. Яғни, энергия қайта жаңғыртылады. Меніңше, бұл шағын қалашық бізге ғана емес, әлем қалаларына да үлгі болады», - деді Н.Қаппаров.
 
ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу