Қазақстан мен Азия даму банкі арасында ынтымақтастық туралы жаңа негізгі келісімге қол қойылды. Келісім Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы отырысы аясында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Келісімді ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Азия даму банкінің президенті Такехико Накаорәсімдеді.
Осы құжатқа сәйкес, Қазақстанның Ұлттық қоры мен АДБ еліміздің экономикасын әртараптандыруды қаржыландыру, тұрақты дамыту және жан-жақты өсімін қамтамасыз ету бағытында бірлесе жұмыс істейтін болады.