ҚР Бас консулдығының хабарлауынша, игі бастама америкалық аудиторияны қазақ әдебиетімен таныстыруға бағытталған. Бұған дейін АҚШ-та Әбдіжәміл Нұрпейісов пен Олжас Сүлейменов туындыларының тұсаукесері өткен болатын.
АҚШ-та қазақ тілінде кітаптар сирек кездесетіндіктен осы елдегі қазақ диаспорасының өкілдері аталған басылымға қызығушылық танытқан.
Кітап тұсаукесеріне ҚР Бас консулды және «Қазақстан-Америкалық Альянс» бейкоммерциялық ұйымы мұрындық болған.
|