Қарағанды облысының Теміртау қаласында Жеңіс күнін мерекелеу кезінде трамвайдың кесірінен жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы қалалық ІІБ баспасөз қызметі хабарлайды.
Теміртау ІІБ әкімшілік полиция бөлімі басшысының орынбасары Болат Шегіровтің хабарлауынша, істен шыққан трамвай шеру өтіп жатқан Димитров пен Менделеев көшесіне дейін барып, Шахтинск қаласының 23 жастағы тұрғыны басқарып отырған «Ямаха» мотоцикліне келіп соғылған. Апат салдарынан, мотоцикл жүргізушісі аяғы мен кеуде тұсынан жарақаттанған, көлік те зақымдалған.
|