Калачи ауылындағы белгісіз дерттің себебі туралы алдын ала қорытынды жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Калачи ауылындағы белгісіз дерттің себебі туралы алдын ала қорытынды жасалды

11.05.2014
Калачи ауылындағы белгісіз дерттің себебі туралы алдын ала қорытынды жасалды
Калачи кенті мен Красногорский ауылын жайлаған «Ұйқы дертін» зерттеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 
 
Жұмыс тобы сараптама нәтижелері негізінде ауру белгілерінің пайда болуына жылу маусымында жертөлелерде және желдетілмейтін тұрғын үйлерде жиналып қалатын буланудың жоғары концентрациясы себеп болды, деген алдын ала қорытынды жасап отыр. Ауруханаға жеткізілгеннауқастар тұратын үйлерде (оның ішінде жертөлелерде) жасалған сараптамалар соны көрсеткен. 

Ауру маусымға қарай, негізінен желтоқсан айының соңы мен наурыздың басында пайда болады. 

Таралу көзін анықтау қажеттігі есепке алына отырып, материалдар Қазақстан Республикасы  Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі жанындағы мекемеаралық комиссияға берілді. Ұлттық ядролық орталықтың өңірдегі жұмысы жалғасуда. 

Бұған дейін де хабарланғандай, 2013 жылғы наурыз айынан бергі кезеңде «ұйқы дертіне» себеп болуы мүмкін барлық факторларға қатысты 7 мыңға тарта зерттеулер жүргізілді. Радиациялық фонның, ауыр металдар тұзының шекті концентрациясының артуы анықталған жоқ.
 
Бактериялық және вирусологиялық сараптамалар теріс нәтиже көрсетті.

Хабарламаларға жазылу